20.02.2026, 09:53 100061
Софья Самоделкина елдік есепте жаңа рекорд орнатты
Сурет: Сали САБИРОВ, ҚР Туризм және спорт министрлігі
Достарға айту
Мәнерлеп сырғанаудан Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпия ойындарында әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды. Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина өз мансабындағы рекордтық ұпайын жинап, 10-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мұз айдынына он үшінші болып шыққан Софья Самоделкина өз қойылымын мінсіз орындап, 138.99 ұпай еншіледі. Ал қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, отандасымыз 207.46 ұпаймен жеке мансабындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді.
Софья бұған дейінгі рекордтық ұпайын 2021 жылы (205.67 ұпай) алған еді.
Жүлдегерлер:
- 1-орын. Алиса Лю (АҚШ) - 226.79 ұпай (жеке рекордын жаңартты)
- 2-орын. Каори Сакамото (Жапония) - 224.90 ұпай
- 3-орын. Ами Накаи (Жапония) - 219.16 ұпай
10-орын. Софья Самоделкина - 207.46 ұпай
Айта кетейік, қысқы Олимпиаданың тарихында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында тек 2018 жылы ғана Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен. Элизабет Тұрсынбаева сол Ойындарда 12-орынға тұрақтаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.05.2026, 13:38 22326
Астанада үстел теннисінен әлем чемпионатының ресми таныстырылымы өтеді
Сурет: depositphotos.com
Достарға айту
2026 жылғы 20 мамырда Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты - ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 турнирінің ресми таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды чемпионаттың баспасөз қызметінен.
Іс-шара ADD Table Tennis Center Astana орталығында ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, спорт қауымдастығы, бизнес, туризм саласы және креативті индустрия өкілдері қатысады.
Аталған таныстырылым Қазақстанның Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) қолдауымен өтетін әлем чемпионатын қабылдауға дайындық жөніндегі халықаралық науқанның ресми бастауына айналып, Астананың ірі халықаралық спорттық және іскерлік іс-шараларды өткізуге арналған заманауи алаң ретіндегі мәртебесін айқындай түседі.
Бағдарлама аясында Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) туын таныстыру, Astana 2027 ресми бейнеролигінің көрсетілімі, турнир тұжырымдамасының таныстырылымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясы басшылығы мен чемпионатты ұйымдастыру комитеті өкілдерінің сөз сөйлеуі жоспарланған.
Сонымен қатар, қонақтарға болашақ демеушілік және туристік бағдарламалар, қолөнершілер мен креативті индустрия өкілдерін тартуға бағытталған бастамалар, сондай-ақ чемпионаттың ресми маскоттарын әзірлеу бойынша байқау туралы ақпарат ұсынылады. Іс-шара қатысушылары үшін үстел теннисі бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 турнирін өткізу халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамытуға, оқиғалық туризмді ілгерілетуге және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін нығайтуға маңызды серпін береді.
Өтетін күні: 2026 жылғы 20 мамыр
Уақыты: 14:00-15:00 - Қонақтарды қарсы алу, шеберлік сабақтарының көрсетілімі, кофе-брейк 15:00-16:00 - Іс-шараның ресми бағдарламасы
Өтетін орны: ADD Table Tennis Center Astana, Қабанбай батыр даңғылы, 47/1 Қатысушылар саны: 150 адам
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 20:09 35471
Қазақстандық гимнастар Варнадағы Challenge Cup кезеңінде екі рет үздік бестікке енді
Сурет: olympic.kz
Достарға айту
Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды olympic.kz агенттігі.
Ат снарядындағы жаттығуда Роман Хегай 13,600 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Ал Зейнолла Идрисов 13,133 ұпаймен алтыншы нәтиже көрсетті.
Нуртан Идрисов сақиналардағы жаттығудың финалында 13,166 ұпай алып, бесінші орынды иеленді.
Қол тіреп секіру жаттығуының финалына шыққан Асан Сәлімов жарысты алтыншы орынмен аяқтады (13,583). Ал кермедегі жаттығуда Роман Хегай 11,233 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.03.2026, 10:27 69276
"Қазақстан тарихта тұңғыш рет қысқы Паралимпиадада екі медаль еншіледі" - Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін, 17 наурызда елорда әуежайында пара биатлоннан қысқы Паралимпиада чемпионы әрі пара шаңғы жарысынан қола жүлдегері Ербол Хамитовты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Спортшыны жанкүйерлер, туған-туыстары және спорт саласының өкілдері күтіп алды. Ербол Хамитовты пен ұлттық құраманың спортшыларын Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілі Бахыт Сапаров құттықтады.
Бүгін еліміз үшін қуанышты күн. Тарихымызда алғаш рет Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан алтын медаль жеңіп алып, оған қоса бір Паралимпиадада екі бірдей медаль еншіледік. Бұл нәтиже - ерен еңбек пен тыңғылықты дайындықтың, мықты рухтың көрінісі. Осы ойындарға ұлттық құрама 7 спортшымен 2 спорт түрінен қатысып, жалпыкомандалық есепте 18-орынға тұрақтады. Спортшылардың әрқайсысы ел намысын абыроймен қорғады. Біз сіздермен мақтанамыз", - деді ол. Сондай-ақ, министр бапкерлер құрамының еңбегін де атап өтті.
Шара барысында демеушілік танытқан құрылыс компаниясы Ербол Хамитовқа екі бөлмелі пәтердің кілті табыстады.
Өз кезегінде спортшы да жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, арман-мақсатқа адал болу керектігін атап өтті. Ол бұл жетістік алдағы уақытта бұдан да үлкен нәтижелерге жетуге мотивация беретінін айтты.
Айта кетейік, Милан-Кортина қысқы Паралимпиада Италияда 6-15 наурыз аралығында өтті. Оған 55 елден 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 12:54 74841
Милан-Кортина-2026 қысқы Паралимпиадасының басталуына 4 күн қалды
Достарға айту
Италияның Милан - Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XIV қысқы Паралимпиаданың басталуына небәрі 4 күн қалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Биылғы дүбірлі додада Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі. Олар: Ербол Хамитов, Нұрлан Әлімов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев және Анна Грачева.
Құрама сапындағы ең жас спортшы - пара шаңғы жарысында өнер көрсететін Владислав Кобаль. Ол небәрі 17 жаста. Ал команданың ең тәжірибелі әрі жасы үлкен мүшесі - пара шаңғы және пара биатлоннан бақ сынайтын Сергей Усольцев. Оның жасы 51-де.
Ұлттық құрамадағы тәжірибелі спортшылардың бірі - Александр Герлиц. Ол 2022 жылғы Бейжің Қысқы Паралимпиадасының пара биатлоннан қола жүлдегері. Сонымен қатар, 2018 жылғы Пхёнчхан Паралимпиадасында пара шаңғы жарысынан үздік төрттіктің қатарына енген.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ербол Хамитов - пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан Әлем чемпионаттарының жүлдегері және бірнеше мәрте Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы. 2022-2023 жылғы маусымда ол пара шаңғы жарысынан әлем чемпионы атанып, Қазақстан тарихында осы жетістікке қол жеткізген алғашқы пара спортшы болды. Ал 2024-2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жетіп, 31 жылдан кейін Қазақстанға Хрусталь глобусты қайта әкелді.
Айта кетейік, 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада 6-16 наурыз аралығында Италияда өтеді. Байрақты додаға әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Биылғы ойындар ерекше маңызға ие - Қысқы Паралимпиада қозғалысының 50 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Алғашқы Қысқы Паралимпиада 1976 жылы Швецияның Эрншёльдсвик қаласында өткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.02.2026, 07:06 86761
Канадада жеңіске жеткен қазақстандық жас хоккейшілер елге оралды
Сурет: olympic.kz
Достарға айту
Канадада жеңіске жеткен Astana Team балалар хоккей командасы елге оралды, деп хабарлайды olympic.kz.
Канаданың Квебек қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы беделді Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турнирінің финалында жеңіске жеткен қазақстандық жас спортшылар елге келді. Оларды әуежайда зор қошеметпен күтіп алды.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, топтық кезеңдегі барлық матчта жеңіске жеткен Astana Team плей-оффқа сенімді түрде жолдама алды. Ширек финалда алаң иелері - Quebec Nordiques командасын 3:1 есебімен ұтып, жартылай финалда Quebec Remparts ұжымынан 2:1 есебімен басым түсті. Ал финалда Noir d’Or des Montagnes командасымен өткен тартысты кездесуде буллит сериясында 4:3 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұл мәртебелі дода 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Турнир BB, AA, AA Elites және ең жоғары AAA дивизиондарына бөлінеді.
Astana Team екінші деңгейлі дивизионда топ жарып, келесі маусымда AAA санатына көтерілу мүмкіндігіне ие болды. Жоғары дивизионға өту туралы шешімді турнирдің ұйымдастыру комитеті қабылдайды. Команда бұл турнирге екінші жыл қатарынан қатысып отыр. Олар 2024 жылы Францияда өткен іріктеу додасында жеңіске жетіп, алғаш рет AA Elites дивизионына жолдама алған еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2026, 09:48 104641
Милан-Кортина 2026: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер сайысында финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды. Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина әзірше 12-орында келе жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Софья қысқа бағдарламасында 68.47 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ оның Олимпиададағы дебюті туған күнімен (19 жас) тұспа-тұс келді.
Қысқа бағдарламаның қорытындысы (29 қатысушы):
1.Ами Накаи (Жапония) - 78.71 ұпай
2.Каори Сакамото (Жапония) - 77.23 ұпай
3. Алиса Лю (АҚШ) - 76.59 ұпай
12-орын. Софья Самоделкина - 68.47 ұпай
Шешуші еркін бағдарлама 19 ақпан күні Астана уақытымен 23:00-де өтеді.
Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Қазақстан екінші мәрте ғана жүлдеге таласып жатыр. 2018 жылы Пхенчхан Олимпиадасында ел намысын Айза Мамбекова мен Элизабет Тұрсынбаева қорғаған еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 18:26 112156
Олимпиада-2026: Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша ширек финалға жолдама алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Италияның Милан қаласында XXV қысқы Олимпиада ойындарының шорт-тректен бәсеке жалғасып жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ерлер арасында 500 метрге додада Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша ел намысын қорғады.
Екінші топта жарыс жолына шыққан Абзал соңғы айналымда қарсыластарының қателігін ұтымды пайдаланып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Отандасымыздың уақыт көрсеткіші 40.934 секунд.
Үшінші топта өнер көрсеткен Денис Никиша 40.818 секунд нәтижемен мәреге үшінші болып жетті. Алайда, Никиша уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге жолдама алды.
Осылайша, Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша 19 күні өтетін ширек финалда өнер көрсететін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 15:19 108386
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде 6 медаль алды
Достарға айту
Колумбияның Медельин қаласында көркем жүзуден әлем кубогының алғашқы кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінен.
Жалпы жүлде кестесі (20 мемлекет):
- Ұлыбритания - 3 алтын
- Қазақстан - 2 алтын, 1 күміс, 3 қола
- Канада - 2 алтын, 1 қола
Қазақстан сапынан еркін бағдарламада Эдуард Ким мен әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ясмина Исламова бастаған аруларымыз чемпион атанды.
Күміс жүлдені акробатикалық командамыз (Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Ямин Тұяқова, Ясмина Исламова) иеленді
Қола жүлдегерлердің тізіміне Виктор Друзин (техникалық соло), Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова (аралас техникалық дуэт), Наргиза Болатова мен Виктор Друзин (аралас еркін дуэт) кірді.
Әлем Кубогының екінші кезеңі 27-29 наурыз күндері Парижде (Франция) өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.05.2026, 11:20Қазақстан таулары биіктен: алматылық фотограф әуеден түсіру тәжірибесімен бөлісті
21.05.2026, 14:04 123091Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 15:05 122856Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда21.05.2026, 16:08 122451Молдованың елшісі ҚР СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті21.05.2026, 18:09 122211Қазақстан мен Pfizer денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады21.05.2026, 17:20 120546Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады
29.04.2026, 15:15 383671Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 16:18 383486Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады29.04.2026, 17:20 383271Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті29.04.2026, 13:35 330696Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 10:42 289006Орынбор облысының іскер топтары Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

