Тоқаевқа елдегі криминогендік жағдай туралы баяндалды
НҰР-СҰЛТАН. 8 ЖЕЛТОҚСАН - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы мәлімет берілді.
Оның айтуынша, елімізде қылмыстық істердің азаюы бойынша оң үрдіс байқалады (5 пайызға төмендеген). Бұл ретте кісі өлтіру 15 пайызға, тонау және бұзақылық 20 пайызға аз тіркелген. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылады.
Президентке тапсырмаларының орындалуы жөнінде, атап айтқанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және балаларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қос азаматтық фактілерінің жолын кесу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.
Бұдан бөлек Ерлан Тұрғымбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа полиция жұмысының сервистік моделіне көшу, "жақын жердегі полиция" қағидатын қамтамасыз ету, учаскелік инспекторлардың қызметін реформалау және құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы олардың өкілеттіктерін кеңейту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.
Сонымен қатар Президентке ішкі істер органдарын цифрландыру барысы, полиция учаскелері мен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жаппай бейнебақылау құрылғыларын орнату, автоматтандыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерістерін жеңілдету жайында баяндалды.
Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының қызметіне оң баға беріп, азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар қабылдауға тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады
Ұлан" көлік-логистикалық кешені Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің маңында, республикалық Алматы-Өскемен тасжолы мен теміржол желісінің түйіскен тұсында бой көтереді. Оның мұндай тиімді жерде орналасуы жүк қабылдау, сақтау және жөнелту процестерін оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бүгін біз Шығыс Қазақстандағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірінің негізін қалап отырмыз. "Ұлан" көлік-логистикалық кешені - жай ғана логистикалық нысан емес, өңір экономикасының ұзақ жылдар бойы дамуына қызмет ететін стратегиялық алаң. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға, жеке инвестициялар тартуға, облыстың экспорттық әлеуетін арттыруға және өнеркәсіп, аграрлық сектор мен көлік инфрақұрылымының дамуына тың серпін береді", - деді аймақ басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Астанада отандық өндірушілердің "ULTTYQ ÓNIM - 2026" атты ірі көрме ашылды
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономиканың өсуіне тың серпін беріп отырған шағын және орта бизнесті дамытуға әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мен оған қолайлы жағдай жасауға, іскерлік белсенділікті кеңейтуге және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған кешенді шаралар дәйекті түрде жүзеге асырылуда", - делінген Олжас Бектеновтің үндеуде.
Жаңа Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру, жауапты әрі жасампаз патриотизм идеясын ілгерілету мемлекет қызметінің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Отандық тауар өндірушілер осы аталған қағидаттарды жүзеге асырудың жарқын үлгісі болып отыр. Кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін өндірістік бастамаларды, оның ішінде импортты алмастыру мен экспорттық әлеуетті арттыру, заманауи технологияларды енгізу және өңірлердің өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту ісі жалғасын табады", - деп атап көрсетілген Премьер-министр сөзінің мәтінінде.
Кәсіпкерлерді қаржыландыру мен қолдаудың қолжетімділігін арттыру үшін "Даму" қоры кепілдік беру құралдарын едәуір кеңейтті. Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының жабдықтарын жаңғырту үшін "Өрлеу" және "Өрлеу-лизинг" жеңілдікпен несиелеу бағдарламалары арқылы қолдаудың нарықтық тетіктерін күшейтті. Сондай-ақ "Іскер аймақ" бағдарламасы жүзеге асып жатқан шағын қалалар мен ауылдарда микро және шағын бизнесті кешенді қолдау бағдарламасын іске қосты. Қордың өңірлік филиалдарының базасында біз "Бәйтерек" холдингінің бизнесті қолдаудың барлық бағдарламалары бойынша бірыңғай фронт-кеңселер құрдық, ал шалғай аудандар үшін мобильді фронт-кеңсе мақсатындағы арнайы шағын автобустар іске қосылады, онда мамандар кәсіпкерлерге кеңес беру үшін шалғай аудандарға баратын болады", - деп атап өтті "Даму" қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев.
Ulttyq ónim - 2026" көрмесі ЭКСПО ХКО-да 24 мамырға дейін жалғасады. Осы күндер бойы ол B2B-кездесулер, панельдік сессиялар, шеберлік сыныптары мен қазақстандық бизнестің жетістіктерін көрсету үшін тиімді алаңға айналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Еңбек министрлігі Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жеке көмекшілер жұмысының ашық әрі икемді моделін енгізуде
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент тапсырмасы бойынша Ақтөбеде музыкалық-драма театрының құрылысына 8 млрд теңге бағытталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімін қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
21.05.2026, 14:04Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті 21.05.2026, 15:05 144391Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда21.05.2026, 16:08 143986Молдованың елшісі ҚР СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті21.05.2026, 18:09 143746Қазақстан мен Pfizer денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады22.05.2026, 17:58 137111Астанада Қазақстан-Норвегия Іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті
29.04.2026, 15:15 383721Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 16:18 383526Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады29.04.2026, 17:20 383311Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті29.04.2026, 13:35 330746Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 10:42 289051Орынбор облысының іскер топтары Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

