Президент БҚДА құрылымы мен функцияларын өзгертті
- бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
- Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы органдарымен халықаралық шарттарға сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес хабарламаларды, ақпарат беру туралы сұрау салуларды жіберу, консультациялар жүргізу, тергеп-тексерулер туралы хабарлау жолымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
- Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінің шешімімен бекітілетін Қордың және Қор ұйымдарының сатып алуды жүзеге асыру тәртібін келісу;
- азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін келісу;
- тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін келісу;
- Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда нарық субъектілерін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге келісім беру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, республикалық мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оларға жекеше әріптестердің мемлекеттік функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етуін көздейтін жобалар бойынша бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу;
- өтініш берушілер көтеретін жүйелік проблемаларды талдау және анықтау.
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымында: "Қаржы нарықтары және өзге де салалар департаменті" деген жолдағы "және өзге де салалар" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Әлеуметтік сала департаменті"; "Экономикалық интеграция басқармасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Халықаралық ынтымақтастық басқармасы"; "Бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасы" деген жолдағы "басқармасы" деген сөз "департаменті" деген сөзбен ауыстырылсын; "Индустрия және мемлекеттік қолдау департаменті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменті", - делінген Жарлықта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады
Ұлан" көлік-логистикалық кешені Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің маңында, республикалық Алматы-Өскемен тасжолы мен теміржол желісінің түйіскен тұсында бой көтереді. Оның мұндай тиімді жерде орналасуы жүк қабылдау, сақтау және жөнелту процестерін оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бүгін біз Шығыс Қазақстандағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірінің негізін қалап отырмыз. "Ұлан" көлік-логистикалық кешені - жай ғана логистикалық нысан емес, өңір экономикасының ұзақ жылдар бойы дамуына қызмет ететін стратегиялық алаң. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға, жеке инвестициялар тартуға, облыстың экспорттық әлеуетін арттыруға және өнеркәсіп, аграрлық сектор мен көлік инфрақұрылымының дамуына тың серпін береді", - деді аймақ басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Астанада отандық өндірушілердің "ULTTYQ ÓNIM - 2026" атты ірі көрме ашылды
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономиканың өсуіне тың серпін беріп отырған шағын және орта бизнесті дамытуға әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мен оған қолайлы жағдай жасауға, іскерлік белсенділікті кеңейтуге және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған кешенді шаралар дәйекті түрде жүзеге асырылуда", - делінген Олжас Бектеновтің үндеуде.
Жаңа Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру, жауапты әрі жасампаз патриотизм идеясын ілгерілету мемлекет қызметінің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Отандық тауар өндірушілер осы аталған қағидаттарды жүзеге асырудың жарқын үлгісі болып отыр. Кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін өндірістік бастамаларды, оның ішінде импортты алмастыру мен экспорттық әлеуетті арттыру, заманауи технологияларды енгізу және өңірлердің өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту ісі жалғасын табады", - деп атап көрсетілген Премьер-министр сөзінің мәтінінде.
Кәсіпкерлерді қаржыландыру мен қолдаудың қолжетімділігін арттыру үшін "Даму" қоры кепілдік беру құралдарын едәуір кеңейтті. Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының жабдықтарын жаңғырту үшін "Өрлеу" және "Өрлеу-лизинг" жеңілдікпен несиелеу бағдарламалары арқылы қолдаудың нарықтық тетіктерін күшейтті. Сондай-ақ "Іскер аймақ" бағдарламасы жүзеге асып жатқан шағын қалалар мен ауылдарда микро және шағын бизнесті кешенді қолдау бағдарламасын іске қосты. Қордың өңірлік филиалдарының базасында біз "Бәйтерек" холдингінің бизнесті қолдаудың барлық бағдарламалары бойынша бірыңғай фронт-кеңселер құрдық, ал шалғай аудандар үшін мобильді фронт-кеңсе мақсатындағы арнайы шағын автобустар іске қосылады, онда мамандар кәсіпкерлерге кеңес беру үшін шалғай аудандарға баратын болады", - деп атап өтті "Даму" қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев.
Ulttyq ónim - 2026" көрмесі ЭКСПО ХКО-да 24 мамырға дейін жалғасады. Осы күндер бойы ол B2B-кездесулер, панельдік сессиялар, шеберлік сыныптары мен қазақстандық бизнестің жетістіктерін көрсету үшін тиімді алаңға айналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Еңбек министрлігі Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жеке көмекшілер жұмысының ашық әрі икемді моделін енгізуде
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент тапсырмасы бойынша Ақтөбеде музыкалық-драма театрының құрылысына 8 млрд теңге бағытталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімін қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.05.2026, 11:20Қазақстан таулары биіктен: алматылық фотограф әуеден түсіру тәжірибесімен бөлісті
21.05.2026, 14:04 130696Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 15:05 130461Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда21.05.2026, 16:08 130056Молдованың елшісі ҚР СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті21.05.2026, 18:09 129816Қазақстан мен Pfizer денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады21.05.2026, 17:20 125946Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады
29.04.2026, 15:15 383696Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 16:18 383511Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады29.04.2026, 17:20 383296Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті29.04.2026, 13:35 330726Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді29.04.2026, 10:42 289031Орынбор облысының іскер топтары Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

