Тоқаев Сеулде Абай бюстін ашты
Сеул төрінде қазақ халқының ұлы перзенті, ақын Абай Құнанбайұлының бюсті орнатылды. Бұл – корей бауырларымыздың қазақ халқына деген зор құрметінің белгісі", – деді Қазақстан Президенті.
Абай – ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, әйгілі ағартушы. Сондықтан, Абайға арналған бюсттің білім ордасына қойылуы орынды шешім екені сөзсіз. Мұның символдық мән-маңызы айрықша. Ол жұртты ғылым игеруге, білімдар болуға үндеді. Жаңашылдық пен жасампаздықты дәріптеді. Абай мұрасы – біздің елімізге ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылық. Дала данышпанының "Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ" деген сөзі бар. Бұл қасиеттерді корей халқы да ерекше бағалайтынын білеміз. Осы құндылықтардың арқасында қазіргі таңда Корея Республикасы озық дамыған мемлекеттердің қатарына қосылып отыр. Былтыр біз Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өттік. Осыған орай, көптеген ауқымды іс-шаралар ұйымдастырдық. Абай шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылды. Соның ішінде, корей тілінде "Алтын шаңырақта шырқалған ән" атты кітабы жарыққа шықты. Кореяда ұлы ойшылға арналған маркалар әзірленді. Мұның бәрі екі елдің рухани ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсері анық", – деді Мемлекет басшысы.
Әсіресе, мәдени-рухани саладағы ынтымағымызды нығайттық. Осындай тығыз қарым-қатынас болашақта да жалғасын табады. Қазақстанның жетекші оқу орнында корей тілі оқытылып келеді. Кореялық студенттер де қазақ тілін оқып жүргенін жақсы білемін. Бұл, әрине, көңіл қуантарлық ерекше жағдай. Көптеген қазақ жастары корей университеттерінде білім алуда. Біз білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыра береміз. Бұл өзара байланысты келешекте де достық рухта дамыта түсуге жол ашады", – деді Қазақстан Президенті.
тақырып бойынша жаңалықтар
"Үлкен Алтай - 2026" конференциясы: ШҚО әкімі инвесторларды бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды
Жылы қабылдап, конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өзара ынтымақтастықты дамытуға тұрақты түрде көңіл бөліп келе жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Алтай - Қазақстан, Қытай, Ресей және Моңғолия халықтарын біріктіреді. Бүгінде ол табиғи бай мұрасы ауқымды инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалармен үйлесім тапқан жаңа мүмкіндіктер мекеніне айналуда. Шығыс Қазақстан үшін 2026-2027 жылдары "Біздің ортақ үйіміз - Алтай" халықаралық үйлестіру кеңесіне төрағалық ету үлкен мәртебе. Біз бұл жауапты міндетті өзара іс-қимылды жандандыруға, серіктестік байланыстарды нығайтуға және Үлкен Алтай өңірлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге берілген мүмкіндік ретінде қарастырамыз", - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Аталған жобалардың нәтижесі қазірдің өзінде айқын сезіліп жатыр. Негізгі көлік дәліздері арқылы жүк тасымалдау уақыты бір тәулікке жуық қысқарды. Қытай Халық Республикасымен шекарадағы "Майқапшағай" автокөлік өткізу бекетін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта Ресей Федерациясымен шекарадағы "Уба" өткізу пунктін жаңғырту, Шемонаиха ауданындағы Үлбі өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу жоспарланған. Біз жыл сайын 1 миллионға дейін турист қабылдауға дайынбыз. Марқакөл мен Катонқарағайдан бөлек, Риддер қаласының маңы мен Бұқтырма су қоймасының жағалауы да өңірдің бірегей туристік бағыттарының қатарында. Қытай, Ресей және Моңғолия инвесторларын облыс аумағында заманауи туристік инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған жобаларды бірлесе іске асыруға шақырамыз", - деді облыс әкімі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Түркістан облысының прокуроры тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров Түркістан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды
- дәнді дақылдар - 14,6 млн гектар;
- майлы дақылдар - 4,2 млн гектар;
- мал азықтық дақылдары - 1,2 млн гектар;
- мақта - 166 мың гектар;
- көкөніс дақылдары - 120 мың гектар;
- картоп - 126 мың гектар;
- бақша дақылдары - 84 мың гектар;
- қант қызылшасы - 22 мың гектар.
- Аграрлық несие корпорациясы (АНК);
- Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ);
- микроқаржы ұйымдары (МҚҰ);
- өңірлік инвестициялық орталықтар (ӨИО),
- кредиттік серіктестіктер (КС);
- әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК).
- Республика бойынша күріштің егіс алқабы 20,2 мың гектарға қысқартылды.
- Мақта шаруашылығында су үнемдеу бағытына арналған технологиялық өзгеріс жүзеге асырылды: дәстүрлі суару әдістерін 12 мың гектарға қысқарту есебінен, тамшылатып суару технологиясы енгізілген мақта алқаптары 29,8 мың гектарға ұлғайтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты
- "ЗИКСТО" АҚ өнім шығаруды бірден 3,5 есеге арттырып, 75,4 млрд теңгенің нәтижесін көрсетті.
- "Мұнаймаш" АҚ зауыты ширекке жуық өсім көрсетіп (+26,7%), шамамен 2 млрд теңгенің жабдығын өндірді.
- Өңірдің басқа да флагмандары - С.М. Киров атындағы зауыт пен Alageum Electric тұрақты жұмыс істеп тұр.
- Дәстүрлі дәнді дақылдарға 2,9 млн гектар бөлінді. Бұл егіс құрылымын әртараптандыру аясында былтырғы деңгейден 100 мың гектарға аз.
- Екінші жыл қатарынан 1 млн гектар жер нарықта сұранысқа ие және жергілікті қайта өңдеуге жіберілетін майлы дақылдарға, яғни рапс, зығыр және күнбағысқа бөлінді.
- Мал азығы дақылдарының алқабы 405 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Бұл кейіннен мал бордақылауда және ет пен сүт бағасының тұрақты болуында маңызды рөл атқарады.
- Картопқа 8,6 мың гектар, көкөніске 1,4 мың гектар жер бөлінді. Былтыр картоп өнімділігі 172,3 ц/га, ал көкөніс өнімділігі рекордтық 354,8 ц/га болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент тапсырмаларын орындау: Олжас Бектенов Qyzyljar АЭА-да инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты
Nord Panels" ЖШС атқарушы директоры Айваз Бакиров бұрын пайдаланылмай тұрған ғимаратты реконструкциялауға, инфрақұрылым жүргізуге және ламинатталған фанер мен ағаш-жаңқалы тақталар (АЖТ) өндіретін жоғары технологиялық желілерді іске қосуға шамамен 11 млрд теңге инвестиция салынғанын хабарлады. Зауыт іске қосылған 2024 жылдан бері 300 жаңа жұмыс орны ашылды, жобалық қуаты жылына 50 мың м3 дайын фанер өндіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын республика бойынша импортты алмастырудың 15%-ға дейінгі үлесін қамтамасыз етіп отыр және өнімдерін ЕАЭО және Еуропалық Одақ елдеріне белсенді түрде экспорттауда. Сонымен қатар отын пеллеттері, престелген поддондар мен медициналық таяқшалар шығару бойынша желілерді іске қосу есебінен өндірісті кеңейтеді.
KazCrane Engineering" ЖШС-нің жүк көтергіш-көлік жабдықтарын өндіру жобасы бойынша серіктесі - "Уралкран" ЖШҚ бас директоры Сергей Кравчук кәсіпорында жүк көтергіштігі 500 тоннаға дейінгі көпірлі және кран-эстакадалы крандар шығару жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Өндірістік қуаты жылына 150 бірлік өнімге дейін жетеді. Қазіргі уақытта нысанның құрылыс дайындығы 90%-ды құрайды, іске қосу 2026 жылғы қыркүйек-қазан айларына жоспарланған.
Eco Glade" ЖШС директоры Екатерина Асаенок толық циклді саңырауқұлақ өсіру фабрикасы 2025 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілгенін хабарлады. Бұл жоба ауыл шаруашылығын әртараптандыру және агроөнімдерді қайта өңдеу үлесін арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылған. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 11,3 млрд теңгені құрайды. Жобалық қуаттылық жылына 2,4 мың тонна agaricus түріндегі дайын саңырауқұлақ өнімін және 4 мың тонна компост шығаруға жетеді. Фермада сондай-ақ өңделген өнімдер - консервіленген және мұздатылған жартылай фабрикаттар шығару жоспарлануда.
Бейкертон" ЖШС бас директоры Марина Баяндинаның айтуынша, нан-тоқаш өнімдерін шығару жобасына инвестициялардың жалпы көлемі 37,3 млрд теңгені құрайды. Оны жүзеге асыру шамамен 380 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 15 мың тонна өнімге жетеді. Бүгінгі таңда нысанның құрылысы толық аяқталып, жетекші еуропалық өндірушілердің заманауи технологиялық жабдықтары орнатылған. Кәсіпорынды іске қосу 2026 жылдың шілде айына жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Норвегияның Хельсинки комитеті Қазақстанның жаңа Конституциясын оң бағалады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.06.2026, 10:16Ләззат Қалтаева БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі болып сайланды 10.06.2026, 10:29 "Үлкен Алтай - 2026" конференциясы: ШҚО әкімі инвесторларды бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды1751"Үлкен Алтай - 2026" конференциясы: ШҚО әкімі инвесторларды бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды
05.06.2026, 17:52 145601Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін05.06.2026, 17:11 144451Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты05.06.2026, 17:32 137626Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады05.06.2026, 16:15 127131Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда05.06.2026, 11:10 127051Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады
13.05.2026, 07:10 289701Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 277411Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 250946Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 243841Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 243211Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

