05.07.2024, 17:59 56186
Ортағасырлық Сарайшықтан көне кесененің дромосы табылды
Сурет: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Достарға айту
Атырау облысындағы ортағасырлық Сарайшық қалашығынан көне кесененің дромосы табылды.
Махамбнт ауданында орналасқан тарихи мекенде археологиялық қазба жұмысы жүріп жатыр. Ғалымдардың пікірінше, дәл мұндай нысан бұрынғы зерттеулерде кездеспеген. ХV-XVI ғасырларға тән нысан күйдірілген кірпіштен қаланған. Алайда кесененің күмбезі қирап қалған. Ал жабық дәлізі сол қалпында сақталған.
Мұндай кесенелер Сарайшық қаласында бұрында да анықталған. Бірақ олар қатты бүлінген еді. Бұл кесененің дромосы толық сақталып қалған. Әзірге алдын ала болжам бойынша мұнда мәртебелі адамдар жерленген болуы мүмкін", - дейді археолог Амангелді Заинов.
Оның айтуынша, есігі оңтүстік шығысқа қараған дромостың ұзындығы - 170, биікті - 60 сантиметр. Әзірге дәліз жартылай қазылған. Қазба жұмысы үш бөлікке бөліп жүргізілді. Дәлізге жалғасқан көлемді қабірдің қабырғасы табылды. Анықталған қабырғаның ұзындығы - 6, биіктігі - 1 метр, қалыңдығы - 55 сантиметр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.05.2026, 14:51 8761
Алатау бөктеріндегі гүлдеген көкнәрлер
Сурет: instagram/dots_foto
Достарға айту
Алматылық фотограф Дмитрий Доценко Іле Алатауының аясындағы гүлдеген көкнәрлер түсірілген видеоны жариялап, табиғаттың әсемдігі мен қарама-қайшылығы туралы ойымен бөлісті.
Фотографтың айтуынша, мұндай көріністер бір сәт аялдап, туған жердің үйреншікті табиғатына жаңаша көзқараспен қарауға мәжбүрлейді.
Кейде осы көрініске ұзақ қарап, бір сәт тоқтағың келеді: мәңгілік асқақ таулар мен олардың етегіндегі нәзік алқызыл көкнәрлер", - деді Доценко.
Фотограф көкнәрлерді желмен тербелген қызыл көйлекті балериналарға, ал Алатау шыңдарын үнсіз мұзды алыптарға теңеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2026, 09:15 42101
Алматы - мейірімді адамдар қаласы
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бүгін кешке Әл-Фараби даңғылында өтіп бара жатқан адамдар үйректер отбасының жолдан қауіпсіз өтуіне көмектесті.
Көліктер баяулап, адамдар оларды тротуарға дейін шығарып салды - бәрі асықпай, адамгершілікпен жасалды.
Осындай сәттер мейірімділіктің жанымызда екенін еске салады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.04.2026, 08:22 86941
Алматы хайуанаттар бағында Қызыл кітапқа енген аюдың күшіктері дүниеге келді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматы хайуанаттар бағында Тянь-Шань қоңыр аюларының екі қонжығы туды.
Күшіктер қаңтар айында Құрманбек пен Гердадан туған. Бұл аналық аюдың төртінші төлі.
Мамандардың айтуынша, қонжықтар соқыр күйде дүниеге келеді және бірнеше ай бойы інде жатып, анасының сүтімен қоректенеді. Қазір олар өсіп, аналық аю оларды үлкен қоршауға шығара бастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.04.2026, 17:14 87166
Шэньчжэнь қаласында Пиншань ауданында таңертең ерте электромобильдер тұрағында өрт шықты
Сурет: news.tek.fm
Достарға айту
Өрт көпқабатты автотұрақта тұтанып, онда сынақтан өтіп жатқан және есептен шығарылған көліктер сақталған. Өрт сөндірушілердің мәліметінше, бөлімшелер оқиға орнына сағат 02:48-де келіп, өртті жедел түрде оқшаулаған. Компания өрттің толық сөндірілгенін, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.
Өрттің шығу себептері анықталуда.
Оқиға нарықтағы күрделі жағдай аясында орын алды: наурыз айында сатылымдар ақпанмен салыстырғанда өскенімен, жылдық көрсеткіштер өткен жылдан төмен болып отыр. Сонымен қатар, баға бәсекесінің күшеюі өндірушілерге қысым жасауда. Соған қарамастан, BYD компаниясының шетелдегі сатылымдары өсіп келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.04.2026, 09:42 106886
Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт сөндірілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы алты қабатты әкімшілік ғимараттың шатырында шыққан өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, алғашқы бөлімшелер оқиға орнына бес минут ішінде жеткен. Өрт сөндірушілер келген кезде үш бірдей ашық жану ошағы анықталған. Өртті сөндіру жұмыстары қалың түтін, жоғары температура, жанғыш материалдардың болуы және ғимараттың конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты күрделенген.
Өртті жоюға 140-тан астам адам және шамамен 40 бірлік техника жұмылдырылды. Жалын 300 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимараттың шатырына көтеріліп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын зақым келтірмей алып түсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.04.2026, 09:06 135191
"Әлем тірі": Алматы аспанындағы тырналардың ұшуы жұртты толқытты
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Алматылық фотограф Дмитрий Доценко қала үстінен ұшып өткен сұлу тырналар тобы түсірілген видеоны жариялап, әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше ықыласына ие болды.
Кадрларда көктемгі қоныс аудару сәті және аспанда жаңғырыққан тән "құрқылдау" үні бейнеленген. Автордың айтуынша, бұл дыбыс көктемнің келуімен және табиғаттың жандануымен тығыз байланысты.
Аспанда ұшқан тырналардың үнін есту - ерекше әсер. Осындай сәттерде маусымдардың ауысуы мен өмірдің циклдігі айқын сезіледі", - деді фотограф.
Сұлу тырналар өмір бойы жұп болып тіршілік етеді, ал қоныс аудару кезінде тәулігіне 500 шақырымға дейін ұша алады. Олардың дауысы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктерінің арқасында алыс қашықтықтан естіледі.
Жарияланым көпшіліктің жүрегінен орын тапты: пайдаланушылар балалық шақтағы естеліктерімен бөлісіп, тырналардың үні көктемнің ең танымал белгілерінің бірі екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.03.2026, 09:24 142246
Алматы мемлекеттік табиғи қорығында аюлардың ерте оянуы тіркелді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында қоңыр аюлар қысқы ұйқысынан әдеттегіден ертерек ояна бастады.
Фототұзақ деректеріне сәйкес, 2026 жылы ұйқыдан кейінгі алғашқы көрініс 13 наурызда тіркелген. Әдетте өңірде аюлар ақпанның соңы мен наурыздың ортасы аралығында оянады.
Мамандардың айтуынша, қоңыр аюлар қорықтағы барлық ірі шатқалдарда, теңіз деңгейінен 1200-ден 3500 метрге дейінгі биіктікте мекендейді. Олар аралас жапырақты және қылқанжапырақты ормандарда, сондай-ақ субальпілік және альпілік белдеулерде кездеседі.
Көктемде қар қалың болғандықтан, аюлар көбіне оңтүстік беткейлерде қозғалады. Онда қар тез еріп, қорек табу жеңілдейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 19:28 141811
Алматыдағы жағалауды тазалау шаңды дауылға айналды
Достарға айту
Алматы тұрғындары жағалауды тазалау кезінде арнайы техника тұрғын үйлерге қарай шаң көтеріп жатқанын хабарлады. Оқиға орнының видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Sputnik.kz басылымының сұрауына жауап ретінде қалалық әкімдік мердігерлердің объектіде ережелерді бұзғанын хабарлады - жұмыстар барысында шаңның көтерілуі және шаңды басу шараларының болмауы анықталған.
Мердігерлер мен жоба жетекшісіне әкімшілік хаттамалар жасалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.05.2026, 16:09Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады 25.05.2026, 14:54 46866Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады29.05.2026, 13:49 37816Cargolux Қазақстанға рейстерін қайта бастайды29.05.2026, 14:51 37576Қазақстан Шаңхайда туристік әлеуетін таныстырды29.05.2026, 14:53 34141Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
13.05.2026, 07:10 288891Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 276576Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды15.05.2026, 20:45 243026Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 242416Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті15.05.2026, 19:43 240201Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Turkistan визит-орталығының жұмысымен танысты

